$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 13:48
Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған сәбидің жағдайы нашарлады

Мегаполисте 22 адам COVID-19 вирусын жұқтырған

Алматыда коронавирус жұқтырған сәбидің жағдайы нашарлады

Алматыда коронавирус жұқтырған 22 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 2 жасар сәбидің бары бұған дейін айтылған болатын. Дәрігерлер оның жағдайы нашарлағанын хабарлады.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жағдайы туралы журналистерге айтып берді.

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған Алматыдағы 20 науқастың жағдайы қалыпты. Ал, екі адамның денсаулығын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалауда. Бүгінгі таңда провизорлық орталықтарда 696 азамат, үй карантинінде 1108 адам жатыр», - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Алматыда тағы 3 адамның ауырғаны белгілі болды. Олардың бірі шетелден вирус жұқтырып келген адаммен байланыста болған. Екіншісі адам – Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі. Ол 12 наурыздан бері карантинде жатқанымен, вирусты жұқтырғаны 19 наурызда анықталған. Ал, үшінші науқас – Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген жолаушы.

Серіктес жаңалықтары