$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да дала өртін сөндіріп жүрген жүргізуші күйіп қалды

Қазіргі кезде оның жағдайы орташа ауыр

БҚО-да дала өртін сөндіріп жүрген жүргізуші күйіп қалды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіріп жүрген көлік жүргізушісі күйіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күйген адам өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып шықты, жасы – 49-да. Оқиға 10 шілдеде болған.

«Науқас сағат 22.00-де ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіру кезінде термиялық күйік алған. Ол «Батыс сервис плюс» ЖШС өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, екі қолы мен белі күйген. Қазіргі кезде жағдайы орташа ауыр. Тиісті ем-шаралардың бәрі жасалып жатыр. Науқас өзін жақсы сезінеді», - деді Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әнуар Сапаров.

Төтенше жағдайлар саласы қазіргі күні өрттің толық жойылғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары