$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрынғы министр Мұрат Бектановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Ол жазасын ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді

Бұрынғы министр Мұрат Бектановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Фото ашық дереккөзден

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», - делінген мамандандырылған ауданаралық әскери соты.

Еске салайық, былтыр, 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Кейін Қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы министрдің заңсыз бұйрық бергені анықталды.

Ал үстіміздегі жылдың 9 наурызында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталған болатын.

Серіктес жаңалықтары