$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізіп, екі бірдей қылмыстық топты ұстады

Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен 20 адам қолға түсті

ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізіп, екі бірдей қылмыстық топты ұстады
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды.

«Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған.

«Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі. Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары