$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек»: Тоқаев елордадағы ауыз су мәселесі туралы

Ол қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармағанын айтты

«Кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек»: Тоқаев елордадағы ауыз су мәселесі туралы
Фото: Ақорда

Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы елордадағы ауыз су тапшылығы мәселесіне айрықша тоқталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Астананы сумен қамтамасыз ету өте маңызды міндет. Жаздың басында су тапшылығы қатты сезілді. Бұған тұрғындар наразылық білдіргенін білесіздер. Тіпті, жолдарды бөгеп, митингке шықты. Бұл – елорда өмірінде болып жатқан келеңсіз оқиғалар. Ашығын айтсақ, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Бұл – нағыз салғырттық, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасты. Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол қазір елорда Астана су қоймасына толық тәуелді болып отырғанын айтты.

«Су алатын басқа жер жоқ. Бұл – өте қауіпті. Кез келген сәтте оқыс оқиға болса, бүкіл қалаға қауіп төнуі мүмкін. Тұрғындар саны көбейіп, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Сондықтан су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні анық», - деді Қ. Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары