Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге ТЖМ авиатехникасы тартылады
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 17 бірлік техника қатысуда
Бүгін, 8 шілдеде өрт ошақтарын сөндіру үшін ТЖМ авиатехникасын тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, өрт ошағының айналасында жер жырту үшін К700 тартылатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 17 бірлік техника қатысуда.
Айта кетейік, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 шамасында белгілі болған.
Өрт Атырау қаласының іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тұтанған.
Ал 7 шілдеде «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртіне әуеден барлау жүргізілді.
Сол кезде шамамен 5 гектарды аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды.