$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Цукерберг пен Маск арасында дау тудырған жаңа желіге бір тәулікте 30 млн адам тіркелді

Ал Twitter Meta компаниясын сотқа беруге ниетті

Цукерберг пен Маск арасында дау тудырған жаңа желіге бір тәулікте 30 млн адам тіркелді
Фото ашық дереккөзден

Марк Цукерберг жаңа әлеуметтік желіні іске қосты. «Трэдс» деген атау алған қызмет танымал болып келе жатыр. Бір тәулікте жаңа желіге 30 млн адам тіркеліп үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл әлеуметтік желіде инстаграм, фейсбуктегідей пост жазып, сурет жариялап, ұнаған жазбаны бөлісуге болады. Ғаламтор сыншылары жаңа қосымшаның интерфейсін  Twitter-ге ұқсатты. Марк Цукерберг пен Илон Маск арасында дау-дамай туындап, болашақта екі миллиардер арасында бәсеке пайда болатыны айтылған.   

Ал Twitter Threads микроблог сервисінің іске қосылуына байланысты Meta компаниясын сотқа беруге ниетті.

«Біз көріп отырғанымыздай, Twitter консервативті болып келеді. Оның белсенді қолданушылары да жаңа платформа пайда болғанын қалайды. «Трэдс» жақсы альтернатива болуы тиіс», - деді Forrester компаниясының зерттеу бөлімінің басшысы Майк Пру.

Серіктес жаңалықтары