$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда толассыз жауған жаңбыр 15 адамның өмірін қиды

Тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті

Қытайда толассыз жауған жаңбыр 15 адамның өмірін қиды
Фото: Chen Zhenhai/XinHua/Global Look Pres

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында 3 шілдеде басталған толассыз жауын салдарынан 15 адам қаза тапты. Ауа райының қолайсыздығынан тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

EADaily агенттігінің хабарлауынша, Қытай ұлттық метеорологиялық орталығы ауа райына байланысты басқа аймақтарда қауіптің «сары» деңгейінің жалғасқанын ескертеді.

Басылым мәліметінше, жылы ағыс үлкен аумақтарға әсер етеді. Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында, Хэбэй, Шаньдун, Хэнань, Хунань, Цзянси, Фуцзянь, Гуандун провинцияларында, сондай-ақ Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында аномалиялық жоғары ауа температурасы болатыны ескертілді. Ауа райы болжамына сәйкес, ауа 35 градусқа дейін жылынады.

Сонымен қатар Бейжің, Тяньцзинь және Хэбэй, Шаньдун және Хэнань провинцияларында ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы мүмкін. Метеорологиялық орталық жергілікті тұрғындарға аптап ыстықтан сақтану үшін көшеде уақытын қысқартуға және ылғалдануға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары