Қостанай облысында шегірткеден 500 гектарға жуық арпа егістігіне залал келді
Зиянкестермен күреске 31 арнайы техника жұмылдырылды
Қостанай облысында шегірткеден 500 гектарға жуық арпа егістігіне залал келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы «Алмас» ШҚ басшысы Қайрат Райсов шегірткелердің шапқыншылығы туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы бірінші болып таратты. Бүгін ол ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекпен бірге егістіктерді химиялық өңдеу бойынша іс-шаралар өткізілетін аудан аумағын аралап шықты.
Қайрат Райсовтың хабарлауынша, бұған дейін айтылғандай, 10 мың гектар емес, 500 гектарға жуық арпа егістігіне залал келген. Оның шаруа қожалығының егістіктерінде өңдеу жұмыстары аяқталып жатыр.
Айта кетейік, шегірткелердің таралу ошақтары АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлік бөлімшелерінің іс-қимылдарының арқасында жедел түрде жойылды. Қазіргі уақытта өңірде шамамен 260 мың га немесе жоспарланған алаңның 70%-ы өңделді. Зиянкестермен күреске 31 арнайы техника жұмылдырылды: оның ішінде 9 желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Сенімді деректер мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланды.