«СІМ-ге ешқандай қатысы жоқ»: Смадияров Ресейдің тергеу комитеті тексеретін қазақстандық жайлы
Ол қазір Швецияда болуы мүмкін
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте экс-бас консул туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ресейдің Тергеу комитетінің төрағасы қазақстандықтың русофобиялық мәлімдемелерін тексеруді ұйымдастыруды тапсырды. Себебі Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бұрынғы Бас консулы Мейрам Қанапия әлеуметтік желілерде «Мен Санкт-Петербургке келем. Мен жастық кезімдегі орындарды аралап, өркениетке қайта ораламын. Құлдырап жатқан режимді көремін» деп жазған.
Бұл жағдайға қатысты Айбек Смадияров пікір айтты.
«Жаңалықтардан көрген шығарсыздар, тергеу комитеті экс-бас консулға қатысты тергеу туралы хабарлаған. Ол адам бізде бұрыннан жұмыс істемейді. Сыртқы істер министрлігіне қатысы жоқ. Ресейдің тергеу комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматы емес, экс-бас консул деп ақпарат берген. Мүмкін, назар аудартқысы келген шығар. Қолдарынан келді. Оның мәлімдемелері біздің және Ресейдің меморгандарымен қаралуы мүмкін. Кезінде өз еркімен жұмыстан кеткен», - деді ол.
Смадияров атағандай, кейбір дерек бойынша ол Қазақстанда емес.
«Ол қазір Швецияда, саяси баспана сұраған. Себебі Қазақстанда оның атына қылмыстық іс қозғалған. Қудалауда. Егер ол Ресейде болса, тергеу комитеті экс-бас консул деп осындай шу шығармай, ұстап алар еді», - деді Смадияров.