Мәслихат депутаттары Оқу-ағарту министрімен өткен сессияда бірнеше ұстанымға қол жеткізді – Жұлдыз Сүлейменова

Azattyq Rýhy

Мәжіліс депутаты «AMANAT» форумы мәслихат депутаттарының жаңа сапасын аңғартқанын айтты

Мәслихат депутаттары Оқу-ағарту министрімен өткен сессияда бірнеше ұстанымға қол жеткізді – Жұлдыз Сүлейменова

«AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының алғашқы форумы аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен мәслихат депутаттарының арнайы сессиясына модераторлық еткен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту саласындағы мәселелердің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оқу-ағарту министрімен бір сағатқа жоспарланған сессия жұмысы екі сағатқа созылды. Осыдан-ақ оқу-ағарту саласындағы шешімін табар сұрақтардың көп екенін көруге болады. Маслихат депутаттарының біліктілігінің және өңірлік проблемаларды шешуге деген жанашырлығы, сұрақтарынан табандылық байқылғанын ерекше айтқым келеді. Бұл мәслихат депутаттарының жаңа келбетін және саяси институционалды жаңа сапасын аңғартады», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаты аталған сессия барысында көтерілген сұрақтардың жан-жақты болғанын айтты. Атап йатқанда, ауыл мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселелері, ұстаз тапшылығы, ұстаздар аттестациясы, мектептерге күрделі жөндеу өткізу, әімшілік-басқару персоналға заңгер мамандарын қарастыру, қаржы мамандарының айлық жалақысын арттыру, Түркістан облысы Кентау қаласындағы №14, №22 мектептерге жаңа ғимараттар қосу, қосымша білім мамандарының мәртебесі және айлық жалақысы және т.б.

Мәслихат депутаттары тарапынан қойылғанр сауалдардың бәріне министр кезегімен жауап берді.

Айта кету керек, AMANAT партиясы «Халықпен бірге» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы аясында Ұлттық тәрбие концепциясын әзірлеу, балабақша балалары үшін жаңа орындар ашу, балабақша тәрбиешісі жұмысы мазмұнын және жүктемесін жетілдіру, Абай атындағы гуманитарлық мектептер, Жәутіков атындағы IT мектептері, Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер желісін жасау, Техникалық және кәсіптік білім беру мамандары үшін колледждерге мемлекеттік тапсырыс құнын 2 есеге арттыру, кітапханашылардың айлық жалақысын 2 есеге арттыру және т.б. қарастырылған.

«Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлымен өткен сессияда негізгі 3 ұстанымға қол жеткізілді.

Бірінші. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық Кеңестің сарапшылар пікірі және ұсыныстарын негізге алады.

Екінші. Тамыз кеңесі аясында қаржылық заңбұзушылықтар және ұлттық аудит нәтижесіне арналған сессия өткізіледі.

Үшінші. Өңірлерді аралағанда мәслихат депутаттарымен міндетті түрде кездесу өткізілетін болады», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.