Партия форумын тарихи деп атауға болады - мәслихат депутаты

Azattyq Rýhy

Ерлан Каналимов форумның идеяларды іске асыру алаңына айналғанын айтты

Партия форумын тарихи деп атауға болады - мәслихат депутаты
Фото «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының I республикалық форумы туралы пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов форум тек тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар жаңа идеяларды іске асыру алаңына айналғанын айтты.

Сондай-ақ, ол форум депутаттарға Үкімет мүшелерімен әрдайым тікелей байланыста болуға мүмкіндік бергенін айтты.

«Кездесуге қатысушылар форумды тарихи деп атады, өйткені ол қазіргі Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп жатыр. Мәслихат депутаттары кездесуге қатысқаны кездейсоқ емес, олар әрдайым тұрғындармен байланыста болады және партияға, оның істеріне баға береді. Көпшілік партия ретінде «AMANAT» барлық деңгейдегі мәслихаттардың басым көпшілігіне ие және бұл бәріміз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Алда Мемлекет басшысы айтқан реформаларды іске асыруға бағытталған жұмыстардың үлкен майданы күтіп тұр. Мәслихат депутаттарына үлкен міндеттер жүктелген. Басты мақсаттардың бірі – сайлауалды бағдарламалардың орындалуын сапалы жүзеге асыру және тұрақты бақылау», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2,5 мыңнан астам депутат «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының I республикалық форумында басқосты. Делегаттар алдағы жұмыстың жалпы міндеттері мен бағыттарын талқылап қана қоймай, оларды қызықтыратын кез келген сұрақты бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына қоя алды.

Мәселен, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан панельік сессияда мәслихат депутаттары өз өңірлеріндегі жедел жәрдем мен жәрдемақы мәселелерін көтеріп, сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.