Депутат Маңғыстау облысында 10 жылдан астам су құбыры жоқ ауылдың мәселесін көтерді

Azattyq Rýhy

Бердімұрат Төрекенов су құбырын ауыстыру үшін қосымша қаржы керегін айтты

Депутат Маңғыстау облысында 10 жылдан астам су құбыры жоқ ауылдың мәселесін көтерді
Фото «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Бердімұрат Төрекенов 10 жылдан астам уақыт бойы су құбырынсыз өмір сүріп келе жатқан Маңғыстау ауданы Бекі ауылының тұрғындары туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2012 жылы Басқұдық-Бекі су құбыры қайта жаңартылды. 2018 жылы жоба қатесіне байланысты үш рет жарылу болды. 2021 жылы олқылық жойылды, құбырлар төселді, бірақ ол қысымға төтеп бере алмады. Құбырларды жеткізушіге қатысты «Қазсушар» РМК сатып алынған құбырларға бөлінген қаражатты қайтару үшін сотқа талап арыз беріп, оны жеңіп алды. Жергілікті бюджет есебінен құбырларды ауыстыру үшін бізге ақша бөлу немесе 8 км магистральдық су құбырын әкімдік балансына беру қажет», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2,5 мыңнан астам депутат «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының I республикалық форумында басқосты. Делегаттар алдағы жұмыстың жалпы міндеттері мен бағыттарын талқылап қана қоймай, оларды қызықтыратын кез келген сұрақты бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына қоя алды.

Мәселен, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан панельік сессияда мәслихат депутаттары өз өңірлеріндегі жедел жәрдем мен жәрдемақы мәселелерін көтеріп, сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.