Ақмола облысында 120 гектарға жуық орман қоры мемлекет меншігіне қайтарылды

Azattyq Rýhy

Жер аумағы мақсатты түрде пайдаланылмай келген

Ақмола облысында 120 гектарға жуық орман қоры мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: jurist-dolina.ru

Ақмола облысы Ақкөл ауданында ұзақ уақыт бойы жекеменшік иелігінде болған 118,9 гектар орман мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлік субъектілері орман қоры учаскелерін сауықтыру, туристік және спорттық мақсатта жалға алған. Алайда 2016 жылдан бері жер аумағы мақсатты түрде пайдаланылмай келген әрі жалдау ақысы төленбеген.

«Сәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болғанына қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Жоғарыда аталған мән-жай аудан прокуратурасының актісі бойынша шарттарды бұзуға негіз болған», - делінген ведомство хабарламасында.

 Жалпы құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.