Түркістан облысында АШМ өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асқан

Аягөз Құрмаш

Облыста алғаш рет осындай көрсеткішке қол жеткізілген

Түркістан облысында АШМ өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асқан
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығындағы өнім туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, өңірде экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 5 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

«Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 млрд теңге инвестиция тартылған. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналады. Су үнемдеу технологиясы 28 763 гектарға,«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9303 гектарға ендірілді», - деді ол.

Сатыбалды атағандай, аталған тәсіл, ағын суды 2 есе үнемдеуге, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Республикадағы жылыжайлардың 71%-ы облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1511 гектарға жетті. Өткен жылы 91 мың тонна өнім жиналды. 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланып отыр. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 60 жобаны іске асыру жоспарланса (құны 54 млрд теңге , 1 318 жұмыс орны), бүгінгі таңға 16-сы іске қосылған», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.