$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды: Экология министрлігі түсініктеме берді

Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды

Қарағанды облысында 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды: Экология министрлігі түсініктеме берді
Фото ашық дереккөзден

Кеше, 26 маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды. Осы оқиғаға қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының Қарағанды тірек пунктінің инспекторлары сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды және киікті қорғау бойынша Қарағанды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында, Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды. Жануарлардың өлекселері бұзылып бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады (қылмыстық іздер жоқ)», – делінген министрлік хабарламасында.

Жануарлар өзеннен өткен кезде суға батып кеткен. Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды.

Серіктес жаңалықтары