Жезқазғанда музыкалық колледж ғимаратының шатырын жел ұшырып әкетті

Azattyq Rýhy

Кеше Жезқазған қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барған

Жезқазғанда музыкалық колледж ғимаратының шатырын жел ұшырып әкетті
Бейнеден кадр

Жезқазғанда аумағы 400-500 шаршы метр ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 маусым күні сағат 16:25-те Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күштер мен құралдарды басқару орталығының 112 диспетчерлік пунктіне Жезқазған қаласы, Байқоңыр көшесі, 17-үйге қатты желдің салдарынан залал келгені туралы хабарлама түсті. Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры жартылай бүлінген. 400-500 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың шатыры ұшып кеткен», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ деп қосты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сол күні Жезқазған қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.