Найзағай, бұршақ, дауыл: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Өңірлерде төтенші өрт қаупі әлі де сақталады
«Қазгидромет» РМК 27 маусымда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні өңірдің солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ал өңір орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 23 м/с артуы ықтимал.
Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Костанай облысының орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады.Түнде облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с құрайды. Оңтүстік аумақта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде, батысы мен шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 23-28 м/с артады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің батысында, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.
27-29 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27 маусымда – күндіз, 28-29 маусымда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысып, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.