Ұлытауда жыл соңына дейін жастарға үй беріледі
Олар арнайы бағдарлама арқылы үй алу мүскіндігіне ие болады
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде жастарға пәтер беру туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жастарды қолдау үшін Ulytau Zhastary бағдарламасын қабылдадық. Отбасы банкімен бірлесіп жеңілдетілген кредиттеу аясында - жыл соңына дейін 40-тан астам жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оған облыстық бюджеттен жыл сайын 500 млн.теңге бөлу жоспарлануда. Осыған байланысты айта кету керкек – қарқынды үй құрылысына жылудың жетіспеуі кедергі болып тұр», - деді ол.
Әкім атағандай, былтыр 34 пәтерлі үйді аяқтап, тапсырылмаған.
«Оларды қоссақ, қасындағы үйлерде жылу жетпес еді. Биыл жылу құбырын тартып жатырмыз. Ол туралы қосымша айтамын. Облыстың бюджеті елдің басқа аймақтарының бюджеттерімен салыстырғанда ең төмен болып келеді.Ұлытау облысының бюджеті небәрі 128,8 млрд теңгені құрайды. Мәселен, бұл Қарағанды облысының бюджетінен 4 есе, Маңғыстау облысынан 3 есе аз», - деді Әбдіғалиұлы.