23.06.2023, 13:52
Жаңалықтар
Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ел бойынша күн райы құбылмалы болады деп болжанып отыр
Фото ашық дереккөзден
Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұршақ жаууы мүмкін.
«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді»,– делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
