$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 09:17
Жаңалықтар

Жауын-шашын болады: 18 наурызға ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады

Жауын-шашын болады: 18 наурызға ауа райы болжамы

Сәрсенбі, яғни 18 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Жалпы, республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей аумағында, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағында тұман түседі, түнде көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, кей аумақта жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

 Алматы облысында күндіз желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарында ішінара тұман, Қарағанды ​​облысында көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары