18.03.2020, 01:26
Жаңалықтар
Таразда коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпарат жалған – полиция
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде Тараз қаласында бір адамнан коронавирус анықталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«WhatsApp» мессенджерінде «Таразға Мәскеуден ұшып келген ұшақтағы әйелден коронавирус табылды», сондай-ақ «Алтыншы шағынауданда бір отбасының 6 баласымен карантинге қамап қойыпты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, полиция департаменті азаматтарды жалған хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды