Tik-Tok-та қазақтың мәдени брендін дамыту керек - Ерлан Саиров
Мәжіліс депутаты әлеуметтік желінің вице-президентімен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Tik-Tok әлеуметтік желісінің вице-президенті Такуа Ямагасимен кездесіп, платформада қазақ мәдениетін насихаттау жолдарын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Саировтың сөзінше, Tik-Tok әлеуметтік желісінің вице-президенті бұл бастамаға өз үлесін қосатын болады.
«Ямагаси мырзамен осы Tik-Tok-та қазақтың мәдени брендін дамыту мәселесін қарап отырмыз. Яғни Қозы-Көрпеш Баян сұлу, Абай мен Шәкәрімнің мұрасын дүниежүзіне осы Tik-Tok арқылы дамыту жолдарын ақылдасып отырмыз. Ямагаси мырза қазақтың мәдениетін Tik-Tok-та дамытуға өзінің үлесін қосатынын айтып отыр. Сонымен бірге, біз осы Қазақстандағы Tik-Tok-ты одан әрі қарай дамытудың жан-жақты тәсілдерін қарастырдық. Ең негізгісі осы Tik-Tok-та қазақтың мәдениетінің реңі болуы керек», - деді Ерлан Саиров.