$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 22:26
Жаңалықтар

ШҚО-да қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығарылмақ

Облыстағы кәсіпорындар аз уақытта 6 миллион маска шығаруды жоспарлап отыр

ШҚО-да қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығарылмақ
Фото: әлеуметтік желіден

Шығыс Қазақстан облысында тәулігіне 100 мың дана қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығарылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгін Семей қаласында бірнеше мәрте қолданылатын маскаларды шығару барысымен таныстым. Тәулігіне 100 мың дана жасауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 15 күн ішінде облысты түгел қамтамасыз етеміз. Кәсіпорындар алдында қысқа мерзім ішінде кем дегенде 6 миллион маска жасау міндеті тұр. Шикізат мәселесі шешілді», - деп жазды әкім.

Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындамақ. Атап айтқанда, «Семейспецсанб», «УК Юнис» мекемелері. Бұдан бөлек, облыстың тағы 10 кәсіпорынымен келісімшарт жасалынған. Бүгіннен бастап олар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары