Маңғыстау облысында екі жылдың ішінде 21 мектеп салынбақ
2023 жылға жоспарланған 13 мектептің 10-ын салуға конкурс жарияланды
Маңғыстау облысында 2023 жылға дейін 21 мектеп салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста 22 мың орындық 21 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде сегіз мектеп Ақтауда, үшеуі Жаңаөзен қаласында салынады. Сондай-ақ Бейнеу ауданында– екі, Маңғыстау ауданында – екі, Мұнайлы ауданында алты мектеп салу жоспарлануда. Тізімді жасау кезінде облыстың өзекті мәселелерінің бірі – табиғи туу көрсеткіші мен ішкі көші-қонның артуы ескерілді. 2023 жылға жоспарланған 13 мектептің 10-ын салуға конкурс жарияланды», – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар 2024 жылы 12 900 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 9 100 орындық 8 мектеп салу көзделіп отыр. Облыстағы мектептер пайдалануға берілгеннен кейін үш ауысымды 15 мектепте (3999 орын), апатты 2 мектепте (1368 орын) және 34 мектепте (9991 орын) орын тапшылығы жойылады.