02.06.2023, 14:16
Жаңалықтар
Алдағы демалыс күндері елімізде 44 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
Тек кей өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігіндегі ауа райы оңтүстік ағындар әсер ететін антициклон ықпалымен анықталады.
«Тек батыс облыстарда және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады», - дейді синоптиктер.
Күндіз қатты ыстық сақталады. Оның ішінде:
- республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде плюс 36-41°С дейін;
- шығыста – 33-39°С дейін;
- орталықта – 33-41 ° С дейін;
- оңтүстікте – 37-44°С дейін;
- оңтүстік-шығыста – 30-39 градусқа дейін ыстық болады.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды