31.05.2023, 10:20
Жаңалықтар
Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Депутаттар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Видеодан кадр
Мәжілістің жалпы отырысының ашылуында Ерлан Қошанов 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай отырысты бір минут үнсіздікпен бастауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдары – ұлт тарихындағы қасіретке толы ең ауыр кезеңдердің бірі. Біз сол жылдары құрбан болған боздақтарымызға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды