$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс ҰҚШҰ туралы үш заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы бірқатар қарым-қатынасты реттейді

Мәжіліс ҰҚШҰ туралы үш заң жобасын мақұлдады
Фото ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобалары жайлы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов баяндады.

Мәжілісте «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мақұлданды.

Бұл заңдарға ілеспе ретінде «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң да мақұлданды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісім Душанбеде 2021 жылғы 16 қыркүйекте жасалды.

Келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері бойынша ынтымақтастық тетігін құруға бағытталған.

Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында құралымдардың уақытша болуына байланысты юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық олардың құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылады.

Қабылдаушы Тараптың аумағында жіберуші Тараптардың бірінің құралымдарының құрамына кіретін адам екінші жіберуші Тарапқа қарсы оның орналасқан жерінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда, кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді орналасқан жерінде құқық бұзушылық жасалған жіберуші Тарап жүзеге асырады. Бұдан кейін тиісті материалдар екінші жіберуші Тарапқа өзінің құралымының құрамына кіретін, құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды жалғастыру үшін беріледі.

Орналасқан жерде белгісіз адамдар жіберуші Тарапқа немесе жіберуші Тарап құралымдарының құрамына кіретін адамдарға (қабылдаушы Тараптың азаматтарына қарсы жасалғандардан басқа) қарсы қылмыстар немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда жіберуші Тарап өз юрисдикциясын жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары