14.03.2020, 12:26
Жаңалықтар
БҒМ мұғалімдерге каникул кезінде мектепке бармауға рұқсат берді
Бұл жағдайда ұстаздардың еңбекақысы сақталады
Фото: iz.ru
16 наурыз бен 5 сәуір аралығындағы көктемгі каникул кезінде мұғалімдердің мектепке бармай, үйден жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, каникул кезінде мұғалімдер жұмысқа барады, мектепте әдістемелік жұмыстармен айналысады. Біз каникул кезінде олардың үйде отырып жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылдадық», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл жағдайда мұғалімдердің еңбекақысы сақталады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді