$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2020, 13:29
Жаңалықтар

Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды - ҰҚК

Ол - «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушы

Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды - ҰҚК
Фото: баспасөз қызметінен

Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны қолға түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары