$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген жерді мемлекетке қайтару жұмысы талқыланды

Өңірде былтыр мемлекет меншігіне 302 мың гектар, ал биылғы 5 айда 243 мың гектар жер қайтарылды

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген жерді мемлекетке қайтару жұмысы талқыланды

Ақмола облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтіп, онда пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгінде өңірде пайдаланылмай жатқан 52,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 13,4 мың гектарын меншік иелері өз еркімен қайтарса, 17,8 мың гектардың жалға беру мерзімі аяқталды. Сот шешімі бойынша 21,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне берілді. Ал 34 мың гектар жер бойынша іс сотта қаралуда. Сондай-ақ аталған басқарма бұған дейін берілген жерді пайдалану жұмысын реттеу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 191,1 мың гектар жер қосты. 

Сондай-ақ Зеренді ауданы да мемлекет қорына 1400 гектардан астам жер қайтарылды. Былтыр ерікті түрде бас тарту негізінде жалпы көлемі 290 гектар жер арнайы жер қорына берілді.

«Зеренді ауданына қарасты 79 елді мекенде 81,1 мың гектар жайылым тапшылығы байқалады. Бұл мәселені заңсыз бөлінген жерді мемлекет меншігіне қайтару арқылы шешеміз», – деді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әсер Құрманғожин.   

Жалпы,  «Жер аманаты» комиссиясы өз жұмысын бастағаннан бері осы облыста мемлекет меншігіне былтыр 302 мың гектар, ал биылғы 5 айда 243 мың гектар жер қайтарылды.   

Жиын соңында облыстық комиссияның мүшелері тиісті ұсыныстар қабылдап, оны мемлекеттік органдарға жолдады.

Серіктес жаңалықтары