«Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізу қажет – Смайылов

Аягөз Құрмаш

Ол өртті оқшаулап, толығымен сөндіру керек екенін айтты

«Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізу қажет – Смайылов

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған болатынбыз. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елдімекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт   толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл – әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті. Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Смайылов атағандай, Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.