$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады

277 адам эвакуацияланған

Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге батпақты жерлер ауыр техниканың қозғалысына кедергі келтіріп жатыр. Өрт 3500 гектар жерді шарпыды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланады. Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен сақтық шаралары мақсатында 277 адам туыстарының үйіне  эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері эвакуациялау орнында бақылау жүргізуде. Бородулиха ауданында 331 орындық үш эвакуациялық орын жасақталды», - деді Ұранхаев.

Ол өрт сөндіру бақылауда тұрғанын айтты.

Айта кетерлігі, өртті сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір пойыз және 852 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары