Қазақстанда нөсер жауын жауып, жел күшейеді – синоптиктер
«Қазгидромет» алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады деп болжайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы 18-20 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, найзағай мен бұршақ жауады деп күтіледі.
«18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.
Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы болжануда. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады», - деп хабарлады «Қазгидрометте».