$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр 50 мың гектарға алқап өртенген

Барлығы 801 орман өрті болған

Былтыр 50 мың гектарға алқап өртенген
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30,9 млн га құрайды, оның 25,2% – ы (7,79 млн.га) министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында, ал қалған 73,7% – ы (22,8 млн. га) әкімдіктерге жүктелген.

2022 жылы республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында 104,5 мың га алқапта 801 орман өрті оқиғасы орын алды, оның ішінде орманды алқап алаңы 49,9 мың га құрады»,- деді ол.

Орман өрттерінің 801 жағдайының 444 жағдайы немесе 55%-ы найзағай разрядынан болған.

«127 жағдай немесе 15%-ы дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауысқанының нәтижесінде пайда болды, анықталмаған себептерден 208 жағдай немесе 26%-ы туындады.

Қостанай, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан (15,8 мың га, оның ішінде 8,2 мың га орманды алқап) облыстарында, соның ішінде «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығында (Ақмола және Қарағанды обл.) 14,3 мың га (ормансыз алқап), «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында (Алматы обл.) 15,2 мың га (ормансыз алқап), «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде (Шығыс Қазақстан облысы) 1,6 мың га орман және табиғат қорғау мекемелерінің аумағында үлкен алаңдарда орман өрттеріне жол берілді, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары