$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүйе жұмыс істеп тұр, проблема жоқ»: Қарашөкеев фермерлерге субсидия беру туралы

Биыл бұл мақсаттарға 450 млрд теңге бөлінген 

«Жүйе жұмыс істеп тұр, проблема жоқ»: Қарашөкеев фермерлерге субсидия беру туралы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шаруалардың субсидия алу мәселесі туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

«Субсидия барлық өңір бойынша беріліп жатыр. Фермерлердің алқабы  қажетті жағдайда болмағаны үшін кідіру болды. Біз олардың жағдайын түсініп, ғарыш картасынан алқаптарының шекарасын белгілеу талабын алып тастадық. Жүйе жұмыс істеп тұр, проблема жоқ. Егер жекелеген мәселелер бойынша проблемалар болса, бізде әр өңір бойынша жұмыс тобы құрылған. Алты Telegram арнасы бойынша мамандар жауап береді», - деді ол. 

Қарашөкеев атағандай, жерді тыңайту, алқаптың шекарасын белгілеу проблемасы болды. 

«Минералды тыңайтқыштарды өндірушілер бойынша проблемалар болды. Субсидияны электрондық түрде бірінші болып өтініш бергендер алады. Субсидия алу электронды түрде жүзеге асырылғандықтан, жүйе сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Биыл 450 млрд теңге бөлінеді. Оның жартысы мал шаруашылығына бағытталған», - деді Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары