$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«МӘМС қаражаты азаматтарға қайтарылмайды»: Ғиният емделуге жүгінбеген қазақстандықтар жайлы

Министр заң бойынша оны қайтарудың тетігі мүмкін емес екенін айтты

«МӘМС қаражаты азаматтарға қайтарылмайды»: Ғиният емделуге жүгінбеген қазақстандықтар жайлы
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысының кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

15 мамырда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов медициналық ұйымдарға жүгінбеген қазақстандықтарға Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлем жалпы сомасының 50 пайызын өтеуді ұсынған еді.  

Министр бүгін бұл бастамаға қатысты пікір айтты.

«Заң бойынша бізде бұл жүйе әлеуметтік және ынтымақтастық арқылы жасалғаны көрсетілген. Сол себепті қаржы қайтарылмайды. Егер адам биыл ауырмай, оған 50 мың қайтарылса, яғни орташа жалақыдан 100 мың теңге жиналған жағдайда. Ал келесі жылы оған млн теңгеден астам медициналық көмек керек болуы мүмкін. Сондықтан бұл көмекті барлығына көрсету үшін қаржы қайтарылмайды. Заң бойынша қаржыны қайтарып беру мүмкін емес», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары