$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда төтенше жағдай жарияланады - әкімдік

Зардап шеккен баспана иелеріне 100 АЕК көлемінде материалдық өтемақы төленеді

Петропавлда төтенше жағдай жарияланады - әкімдік
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда болған өртке байланысты төтенше жағдай жарияланады. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, жетінші мамыр күні «Береке» ықшам ауданында қамыс өртеніп, тілсіз жау жеке секторға жайылған еді. Салдарынан тоғыз баспана толығымен жанып кетті. Тағы екеуі қазір тұруға жарамсыз. Сондықтан, бүгінде он бір отбасының жетеуі уақытша баспаналарға жайғасты. Қалған төрт жанұя әзір туған-туыстарын паналауға мәжбүр. Мұнымен қоса зардап шеккен баспана иелеріне 100 АЕК көлемінде материалдық өтемақы төленеді. Ал төтенше жағдай жарияланған соң, арнайы мамандар барлық шығынды есептейді.

«Ашық үкіметтік емес ұйымдардың сайтында төтенше жағдайды енгізу бойынша жоба енгізілді. Қазір ол онлайн қаралып жатыр. Қаралғаннан кейін әділет департаментіне жіберіледі. Тіркелгеннен кейін төтенша жағдай жарияланатын болады. Төтенше жағдай бізге осы зардап шеккен тұрғындарға барынша материалдық көмекті заң аясында көрсетуі қажет», - деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Серіктес жаңалықтары