Ресей Арменияға газ беруді уақытша тоқтатты
«Солтүстік Кавказ – Закавказье» магистральдық газ құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Ресей Арменияға табиғи газ беруді жоспарлы жөндеуге байланысты 4 мамырға дейін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік Кавказ – Закавказье» магистральдық газ құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Арменияға табиғи газ беру уақытша тоқтатылды.
«1 мамыр сағат 08:00-ден 4 мамыр сағат 20:00-ге дейін диаметрі 1400 мм «Солтүстік Кавказ-Закавказье» магистральдық газ құбырында Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесінің аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, осыған байланысты аталған газ құбыры арқылы Арменияға табиғи газ беру тоқтатылады», - делінген «Газпром Армения» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ішкі ресурстарды пайдаланудың арқасында тұтынушыларға газбен қамтамасыз етуде ешқандай шектеулер білінбейді.