$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атбасарда итті сойып жемек болғандар ұсталды

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда

Атбасарда итті сойып жемек болғандар ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Ақмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 сәуірде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды. Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған.

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақмола облысы