Ертіс өзенінде екі балықшы құтқарылды
ТЖД азаматтарға құтқарушылардың ұсынымдарына немқұрайлы карамай, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді
Ертіс өзенінде екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында, Ертіс өзенінде екі балықшы сөгіліп жағадан алысқа кеткен мұз бетінде қалып қойған.
Төтенше жағдайға тап болған олар құтқарушылардан көмек сұраған. Оқиға орнына келіп жеткен мамандар 1966 және 1975 жылы туған екі адамды құтқарды. Құтқарушылар балықшылардың «қамалған» орнына резеңке қайықпен жетіп, ер адамдарға құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға аман-есен жеткізді.
«Көктем мезгілінде мұз аса қауіпті болады.Мұз кез-келген уақытта жарылып жағадан алыстап кетуі мүмкін, ал оның еру процесі мұздың беріктігін төмендетеді. Балықшылар ережелерді мұқият ұстануы керек», - деп ШҚО ТЖД Самар ауданы ТЖБ бастығы Әсет Сейілқұмаров атап өтті.