$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов 20 арнайы тергеу жүргізілгенін, оның 13-і өндіріске байланысты екенін айтты. Жалпы 13 жұмысшы зардап шеккен, оның 12-сі ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болды.

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған.

«Барлық жазатайым оқиға қандай да бір техногендік сипатқа ие емес, тек жұмыс беруші тарапынан бақылаудың болмауы, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтамауы, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілмеуі сияқты адами факторлармен қатар жүреді», - деп атап өтті Асылұлан Досжанов.

Серіктес жаңалықтары