$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр

Референдумда 19,7 млн адам дауыс бере алады

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де ашылған учаскелік референдум комиссиялары өз жұмысын 20:00-ге  дейін жалғастырады. Одан кейін дауыстарды санау басталады.

Сондай-ақ, референдумда халқы 36,2 млн адамды құрайтын республиканың 19,7 млн-нан астам азаматы дауыс бере алады. Бұл ретте референдум, егер оған тізімге енгізілген өзбектердің жартысынан астамы қатысса ғана өткізілді деп танылады.

Өзбекстан ОСК 45 елден және 11 халықаралық ұйымдардан 383 байқаушыны аккредиттеді, жергілікті байқаушылар саны 44 мыңнан асады.

ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев атап өткендей, референдум халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі, дауыс беру процесінде бұзушылықтар тіркелмеген.

Айта кетейік, қазіргі Өзбекстан Конституциясы 1992 жылы қабылданған. Осы уақыт ішінде оған 15 рет түзетулер енгізіліпті.

Серіктес жаңалықтары