30.04.2023, 11:50
Жаңалықтар
Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды
Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өтті.
«Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер», - делінген хабарламада.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді