$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне бизнеске заңсыз араласқаны үшін айыппұл салынды

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толығымен төленді

Жамбылда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне бизнеске заңсыз араласқаны үшін айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Жамбылда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне бизнеске заңсыз араласқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік кірістер органдары мамандарының кәсіпкерлікті жүзеге асыруда әкімшілік кедергілер жасау дерегіне қатысты арыз түскен.

«Арызданушының уәждерін жан-жақты зерделеу барысында аймақ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы лауазымды тұлға бола тұра, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылыққа жол бергені анықталды. Ол құжаттық салықтық тексеру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бергенімен қоймай, жаңадан тексеру актісін шығару арқылы ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметіне қайта заңсыз араласқан», - дейді құқық қорғау органындағылар.

Өз кезегінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандары аталған факті бойынша әкімшілік хаттама (ӘҚБтК-нің 173-бабы) толтырды.

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толығымен төленді.

Серіктес жаңалықтары