$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жол сапасына жауапты шенділерге 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Жол құрылыс жайларына 900-ден астам тексеру жүргізілді

Ақтөбеде жол сапасына жауапты шенділерге 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде жолдың сапасына жауапты шенеуніктер мен лауазымды тұлғаларға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер жыл басынан бері өңірдегі 16 мың шақырымға жуық, жолды зерделеген. Асфальт жабындысы шұрық-тесік боп, көлік қозғалысына, қауіп бар екені анықталды. Сондықтан жауапты мемлекеттік коммуналдық мекеме, қоғамдық көлік пен автомобиль жолдары басқармасы басшылығы мен, мердігер компания өкілдері жауапқа тартылды. Қираған жолдарды түзеп, анықталған кемшіліктерді жою туралы, ұйғарым берілген.

 «Жол құрылыс жайларына 900-ден астам тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесіне сәйкес, анықталған кемшіліктер негізінде 112 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұлдар салынып, анықталған кемшіліктердің орнын жоюға 910 ұйғарым берілді. Бұл ретте жолдардың күтіп ұстауды бақылау бойынша күнделікті жұмыстар жалғасуда», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары