$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді

Қонақ үй кешеніндегі мейрамханаға тексеру жүргізілген

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда ауызашарда дәрігерлердің астан улануы бойынша тексерістен кейін мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қонақ үй кешеніндегі мейрамханаға тексеру жүргізілген. Онда 20 қызметкердің жалған медициналық кітапша жасатқаны анықталған. Ал төртеуінде мүлдем болмаған.

Сондай-ақ тексерілген 21 қызметкердің жетеуінің ағзасынан стафилокок табылған. Оған қоса мейрамханадан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлеміндегі 73 түрлі тағам анықталған.

«Жоспарға сай тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған өрескел санитариялық талаптарды бұзушылар адам денсаулығына әкеліп соққан әрекеті үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды», - деді Асылбек Шаров.

Енді бұл іспен Ақтау қаласының полиция басқармасы айналысады.

Айта кетсек, 12 сәуір күні ауызашарда 16 дәрігер аталған мейрамханада астан уланған еді.

Қазір дәрігерлердің жағдайы жақсы.

Серіктес жаңалықтары