Атыраулық полицейлер 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Azattyq Rýhy

Күдіктіден Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді

Атыраулық полицейлер 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
Polisia.kz

Атыраулық полицейлер 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.

20 сәуір күні Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.

1975 жылы туған шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.