Адам өлтірді деп айыпталған актер Алек Болдуин ақталды
Бұл туралы оның адвокаттары мәлім етті
Адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған актер Алек Болдуиннен сот балық айыптауларды алып тастады. Бұл туралы оның адвокаттары мәлім етті.
«Біз Алек Болдуинге қарсы істі тоқтату туралы шешімге ризамыз және осы қайғылы апаттың оқиғалары мен жағдайлары туралы тиісті тергеу жүргізуге шақырамыз», - деп Болдуиннің адвокаттары Люк Никас пен Алекс Спироның бірлескен мәлімдемесінен NBC News үзінді келтірді.
Болдуиннің осы іс бойынша сотқа келесі келуі 3 мамырға белгіленді, бірақ актер алдын ала тыңдауға келу құқығынан бас тартты, деп қосты ABC News.
Еске салсақ, Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңында жүргізілген «Тот» вестернінің түсірілімі кезінде оператор Галина Хатчинс қайтыс болған еді. Оны продюсер және картинадағы басты рөлді сомдаушы, танымал Голливуд актері Алек Болдуин байқаусызда атып алған. Осы оқиғаға байланысты Алек Болдуинге айып тағылды.