$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Суданның арнайы күштері Ораза айт мейрамы кезінде уақытша бітімге келуге келісті

Бұл туралы арнайы күштердің өкілі мәлім етті

Суданның арнайы күштері Ораза айт мейрамы кезінде уақытша бітімге келуге келісті
Фото ашық дереккөзден

Суданның жедел әрекет ету күштері (ҚББ) мұсылмандардың Ораза айт мерекесі кезінде уақытша бітімге келуге келісті. Бұл туралы арнайы күштердің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Aljazeera.

«Біз Египеттің, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Сауд Арабиясының делдалдығымен Ораза айт кезінде гуманитарлық бітімге келісеміз», - деп келтірді оның сөзін Aljazeera.

Өз кезегінде Судан армиясының қолбасшысы Абдель Фаттах әл-Бурхан «Судан халқы осы азапты бастан өткеріп, Ораза айт мейрамын қарсы алуға тиісті емес еді» деді.

Айта кетейік, елдегі жағдай армия қолбасшысы Абдель Фаттах әл-Бурхан және оның орынбасары Хамидти арасындағы келіспеушіліктерге байланысты шиеленісе түсті. 15 сәуірде таңертең Мерое қаласы мен ел астанасы Хартумдағы әскери базаның жанында армия мен арнайы күштердің қақтығыстары басталды.

20 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Судан армиясы мен ҚББ арасындағы қақтығыстарда қаза тапқандардың саны 330 бейбіт тұрғынға жеткенін, 3,2 мың адам жараланғанын хабарлады.

Сол күні Судан армиясы билікті азаматтық басқаруға беру ниеті туралы мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары